15–19 шілде аралығында ҚХР-ның Цинхай провинциясында өткен 27-ші Цинхай жасыл даму жөніндегі инвестициялық-сауда жәрмеңкесінде Neo Milk компаниясының өнімдері халықаралық аудиторияға таныстырылды.

Бұл – 26 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан, инвестиция, сауда және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қытайдағы беделді халықаралық көрмелердің бірі. Биылғы жәрмеңке «Ашық ынтымақтастық – жасыл даму» ұранымен өтіп, оған әлемнің түрлі елдерінен келген мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар мен бизнес қауымдастықтарының мүшелері қатысты.

Көрме барысында Neo Milk компаниясының «Neo Saumal», «Shubat», «Goat Milk» және «Мама знает» өнімдері Қазақстанның табиғи әрі заманауи өнімдері ретінде ұсынылды. Қонақтарға өнімдердің ерекшелігі, өндірісте қолданылатын сублимация технологиясы және олардың табиғи құрамы туралы Neo Milk компаниясы бас директорының орынбасары Шырын Балтабекқызы жан-жақты таныстырды.

Осындай халықаралық көрмелер қазақстандық өнімдерді әлемдік нарықта танытуға, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және «Қазақстанда жасалған» брендінің беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
Біз үшін бұл – ұлттық өнімдерді халықаралық деңгейде танытып, қазақстандық өндірістің әлеуетін әлемге көрсетудің тағы бір маңызды қадамы.

Neo Milk – Қазақстанның табиғи өнімдерін әлемге таныту жолында!