Алматы қаласына ЕАЭО Агроөнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің 7-ші отырысына қатысу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі – Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян, Беларусь Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Юрий Горлов, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы джихады министрінің орынбасары Акбар Фатхи келді.

Group of seven officials in business attire standing in front of a blue backdrop with flags, during an international economic meeting.

Group of diverse professionals on a guided tour through a bright warehouse with large windows on the left edge of the frame.

Assorted goat milk product boxes and jars arranged on a table display.

Group of people at an outdoor market stall, examining bottled sauces/beverages laid out on a table under a tent.ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Иран делегациялары Алматы облысының жетекші кәсіпорындарын аралады. Аталған іс-шараға әрі арнайы ұйымдастырылған көрмеге «Neo milk» ЖШС бас директоры Болат Аманбаев та қатысып, ұлттық сусындардан өндірілген «Neo Saumal», «Shubat», «Goat milk» өнімдерін шетелдік қонақтарға таныстырды. Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінің өкілдеріне автоматтандыру, цифрландыру, ресурстарды үнемдеу, өнімді терең өңдеу және экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру бағыттарындағы практикалық шешімдер таныстырылды.

Inside a large greenhouse with rows of young plants on trays and bright yellow benches along the middle walkway.

«Біздің міндетіміз – ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырумен ғана шектелмейді. Өнімді қайта өңдеуді жүйелі түрде дамыту, қосылған құны жоғары өнім өндіру, заманауи технологияларды енгізу және жаңа нарықтарға шығу маңызды. Қазақстанның айтарлықтай шикізаттық және өндірістік әлеуеті бар. Біз ішкі нарықты дамыту және экспорт көлемін ұлғайту үшін осы әлеуетті барынша тиімді пайдалануымыз қажет», – деді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ірі компанияларға бару барысында.