Денсаулық – адамның жоғалтуға болмайтын ең асыл қазынасы. Әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет. Ғалымдар мен дәрігер мамандардың айтуы бойынша, денсаулықты күту барысында кез-келген өнімді бей-берекет тұтына беруге болмайды. Ғылыми тұрғыда тексерілген, тіркеуден өткен, сапалы өнімді қолданған жөн.
Осы орайда біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келіп отыр. Әлемге әйгілі «SURYA HERBAL LIMITED» компаниясы өндіретін «Простатинор» өнімі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен» мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алды. Аталған құжат бойынша, Простатинор өнімі 2018 жылдың 15 тамызында республикалық бірыңғай тізілімге енгізіліп, өндіруге, сатуға және пайдалануға рұқсат етілді. Бұл процесстерді кедендік одаққа мүше мемлекеттердің аумағында, атап айтқанда Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстанның аумағында жүзеге асыруға болады. Простатинор өнімі – British pharmacopoeia талаптарына сай Үндістанда өндіріледі. Қазақстандағы ресми өкілдік – «BB Partners» компаниясы.
Тіркеуді жүргізу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сәйкестік мәніне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі. Сонымен қатар, өнімнің ұсынылған құжаттама сараптамасының оң нәтижелері және өнімді зертханалық зерттеу (сынау) нәтижелері негізінде куәлік бере отырып, оның тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламентіне қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.