Адам өмірі мен денсаулығы үшін тағамның орны ерекше, ол пайдалы әрі қауіпсіз болуы шарт. Дәл осы ретте Қазақ тағамтану академиясының маңызы өте зор. Қазақ тағамтану академиясы қоғамдық денсаулық сақтау саласының ең маңызды тағамтану мәселелерін зерттейді. Үкімет құрылымдарына, ұйымдарға және кәсіпорындарға, үкіметтік емес ұйымдарға аталған мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын ұсынады. Тамақтанудың ұтымды үрдістерін қалыптастыру және Қазақстан аймағында алиментарлық-тәуелді аурулардың алдын-алу саласында ұлт саясатын, бағдарламасын және әрекет ету жоспарын әзірлейді, экономикалық дамуы ұқсас өңір елдеріне тағамтану мәселелерін шешуге жәрдемдеседі.
Айта кетейік, «BB Partners» ЖШС өндіретін «Neo Saumal» капсулалары дәл осы мекеменің базасында, 2020 жылдың 15 шілдеcінде тексерістен өтті. Белгіленген мерзім аралығында «тағамға биологиялық белсенді қоспаларды, балалар тағамын, тағамдық қоспаларды және т.б. тіркеу жөніндегі сараптау кеңесі» эксперттік қорытындысын шығарды. Қорытынды құжатқа аталған академияның вице-президенті, сараптау кеңесі төрағасының орынбасары Ю.А. Синявский қол қойды. Эксперттік қорытынды №16/ЭК-010-20 нөмерімен бірыңғай тізілімге енгізілді.