Дене тазалығын сақтаудың негізгі гигиеналық құралы – сабын. Адам орташа есеппен алғанда күніне 3-4, жылына 1460 рет қолын жуады екен. Сондықтан кез келген адам бұл маңызды тазалық құралы жайында білгені дұрыс. Қолды жуу барысында қолданатын бұл өнімнің саумалдан да жасалатыны туралы біліп пе едіңіз? Егер білмесеңіз бұл жаңалық сіз үшін өте қызық болуы керек.
Бұған дейін отандық нарықта көптеген өнімдерді өндіріп келе жатқан, елімізге белгілі "BB Partners" компаниясы таза саумалдан сабын шығаруды қолға алды! Бұл сабын табиғи өнім болғандықтан өз сапасын жоғалтпайды, керісінше дұрыс сақталуымен емдік қасиеттері артып, сүттің жұпар иісі өте нәзік иіске өзгереді. Саумал сабынының құрамына зиянды бояулар, консерванттар, химиялық қоспалар кірмейді. Сондықтан да, денсаулыққа кері әсерін тигізбей, терінің липидті қабатын бүлдірмей, тітіркенуді және аллергиялық реакцияларды болдырмайды. Себебі бұл табиғи, жаңа сауылған бие сүтінен жасалған ерекше өнім.
Зертханалық сынақтан өтіп, сапасының жоғары екендігін дәлелдеген саумал сабынының зауыттағы алғашқы жасалу процессіне сабындардың жасалуын, шығарылуын қадағалайтын технолог мамандардың қатысуымен, компания басшысы Болат Бейсенғалиұлы өзі қатысты. Сабынның алғашқы партиясын қолға алған Болат Бейсенғалиұлы: «Бұл сабынның отандық нарықтағы танымалдылығы артып, тұтынушылардың көңілінен шықса деген тілек бар», - деді ол, өз сөзінде.
Отандық сабынның сапасы жоғары екеніне көз жеткізу үшін, өнімді қолданып көруге кеңес береміз!