"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі капсуладағы «NEO SAUMAL» өніміне берілді.
«BB Partners» компаниясы өндіретін өнім мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізіміне 2020 жылдың 15 шілде күні енгізілді және өндіруге, сатуға және пайдалануға рұқсат етілді. Бұл процесстерді кедендік одаққа мүше елдердің аумағанда яғни Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының және Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруға болады.
Тіркеуді жүргізу барысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сәйкестік мәніне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіледі. Сонымен қатар, өнімнің ұсынылған құжаттама сараптамасының оң нәтижелері және өнімді зертханалық зерттеу (сынау) нәтижелері негізінде куәлік бере отырып, оның тауарларға және Еуразиялық экономикалық одақтың (Кеден одағының) техникалық регламентіне қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік тіркеу жүргізіледі.