Қазақстандық ММА спортшысы, ел мақтанышы Арман Әшімов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Бокс кеші Алматы қаласында, Алматы Арена спорт кешенінде өтті. Арманның қарсыласы грузиялық Бухути Татиашвили болды.
Жекпе-жек өте тартысты өтіп, боксшылар жоспарланған төрт раундтың барлығында да бокстасып шықты. Бір-бірін аңдып, соққылар бағыттап отырды. Екі спортшының тарапынан да айтарлықтай ауыр соққылар байқалмады. Нәтижесінде төрешілер тең нәтиже берді.
Арман ӘШІМОВ, ММА спортшысы:
«Бокс өте қиын екен, рингке шығып бокстаспағаныма 14 жыл болды. Бірақ, жекпе-жек қызықты өтті. Келесіде, тағы Алла қаласа шақырып жатса, бұдан да қызық және тартысты жекпе-жек өткіземіз деген ойдамын.»
Жекпе-жек соңында берген сұхбатында Арман Әшімов өзінің осындай формада жүруі үшін және денсаулықты күтіп, иммунитетті көтеру үшін қандай өнім қолданатынымен бөлісті.
Арман ӘШІМОВ, ММА спортшысы:
«Қазір «BB Partners« ұсынған саумал өнімін тұтынып жүргеніме бір айдан асты. Бұл өнімді менің екі кішкентай қыздарым да қолданады. Кішкентай балаларға беруге, дәмі өте жақсы. Ал өзіміз қазақтың өндіріп жатқан, табиғи өнімін рахаттанып ішіп жатырмыз. Аллаға шүкір, денсаулыққа кері әсері жоқ, керемет. Осыны ішкеннен кейін, өзімнің денсаулығымды жақсы сезіне бастадым. Барлықтарыңызға осы саумал өнімін ұсынамын.
Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров Венесуэла елінің өкілі Энрике Луиске қарсы IBO Intercontinental белбеуі үшін жекпе-жек өткізді. Жетінші раундта техникалық нокаутпен жерлесіміз Жанқош жеңіске жетіп, белбеу иегері атанды.
Сондай-ақ, кәсіби актер және ММА спортшысы Еркебұлан Тоқтар да кәсіпқой бокста дебют жасап, Амир Яраниға қарсы жұдырықтасты. Еркебұлан төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.