Өнім туралы

SHUBAT — ағзаны қалпына келтіруге және иммунитетті күнделікті қолдауға арналған сублимацияланған түйе сүті.

Түйе сүті— табиғи өнімдердің ішінде ең теңгерімді әрі оңай қорытылатын түрлерінің бірі. SHUBAT құрамында иммунитетті жасушалық деңгейде қолдайтын С, B1, B2, B12, D, E, A дәрумендерімен қатар, табиғи антимикробтық пептидтер мен лактоферрин бар. Түйе сүтінің құрамында С дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда 3–5 есе көп, бұл оны аурудан кейін ағзаны қалпына келтіру мен созылмалы шаршау кезінде таптырмас өнімге айналдырады. Табиғи құрамының теңгерімділігі SHUBAT-тың жүрек-қантамыр және жүйке жүйесін нығайтуға, зат алмасуды қалыпқа келтіруге және тері жағдайын жақсартуға ықпал етуіне мүмкіндік береді. Бұл өнім ағзаны күнделікті қолдау үшін, әсіресе стресс, иммунитеттің төмендеуі мен ми жұмысына да күш түсу кезінде өте қолайлы.

Біз тұтынушылар жиі қоятын сұрақтарға жауап беруге тырысамыз

Сұрақ-Жауап

SHUBAT — денсаулық пен өмірлік қуатты сақтау үшін қажет дәрумендерге, ферменттерге және пайдалы май қышқылдарына бай табиғи өнім. Ол иммундық жүйені нығайтуға, физикалық және эмоциялық жүктемеден кейін ағзаны қалпына келтіруге, сондай-ақ зат алмасуды қолдауға көмектеседі. SHUBAT ағзаны жеңіл тазартады, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады және ішек микрофлорасын қалпына келтіруге ықпал етеді.

SHUBAT құрамында А, D, Е, С дәрумендері мен В тобына кіретін дәрумендерге бай, сондай-ақ маңызды минералдар — кальций, магний, фосфор, калий, мырыш және селен бар. Бұл табиғи кешен иммунитетті қолдап, сүйектерді нығайтып, жүрек пен жүйке жүйесінің жұмысын жақсартады, зат алмасу мен ас қорытуды қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

SHUBAT құрамында бие сүтін ферменттеу процесінде түзілетін маңызды ферменттер бар: лактаза, протеаза, липаза, ксиланаза және фосфатаза. Бұл ферменттер лактозаны, ақуыздарды, майларды және күрделі көмірсуларды ыдыратуға көмектеседі, қоректік заттардың жақсы сіңуін қамтамасыз етеді және ағзадағы кальций мен фосфор алмасуына ықпал етеді.

Түйе сүтін сублимациялау температура мен қысымның қатаң бақылаумен жүргізілетін бірнеше кезеңнен тұрады: Алдымен сүт шамамен -40°C пен -50°C аралығында тез қатып, судың қатты күйге айналуы қамтамасыз етіледі. Содан кейін қатып қалған сүт вакуумды камераға орналастырылады. Төмен қысым мен шамамен -20°C пен -30°C аралығындағы температурада мұз сұйық күйден өтпей тікелей буға айналады. Қалған суды шығару үшін температура вакуум сақталған күйде біртіндеп +20°C пен +30°C-қа дейін көтеріліп, өнімнің ылғалдылығы шамамен 3% деңгейіне жеткізіледі.Бұл процесс дәрумендер мен аминқышқылдарды және түйе сүтінің басқа да құнды компоненттерін максималды түрде сақтауға мүмкіндік береді.

SHUBAT өнімін 3 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етіледі. Негізгі шарт — бала капсуланы жұта алуы керек. SHUBAT құрамында биологиялық белсенді заттар бар, олар бала ағзасының ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартып, иммунитетін нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ даму процесін қолдайды. Бұл өнім әсіресе иммунитеті төмен, тәбеті нашар және жиі ауыратын балаларға пайдалы.

SHUBAT — түйе сүтінен жасалған, ақуыздарға, аминқышқылдарына, фолий қышқылына және кальцийге бай табиғи капсулаланған өнім.Бұл өнім сүйектерді нығайтады,ұрықтың дұрыс дамуына ықпал етеді және болашақ ана денсаулығын қолдайды. Табиғи иммуноглобулиндер мен лизоцимнің арқасында SHUBAT иммунитетті күшейтіп, инфекциялардан қарсы қорғайды. В дәрумендері тобы мен магний жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, ұйқыны жақсартады. Бұл өнім жүкті әйелдерге пайдалы, бірақ созылмалы аурулары немесе аллергиясы бар болса, қолданбастан бұрын дәіргермен кеңесу қажет.

SHUBAT өнімін ішу барысында егер құрамындағы жеке сүт ақуыздарына төзбеушілік болған жағдайда аллергия туындауы мүмкін. SHUBAT құрамы табиғи болғандықтан және сиыр сүтімен салыстырғанда аллергия тудыратын компоненттері аз болса да, сүт өнімдеріне аллергиясы бар адамдар сақтық танытып, қолданар алдында орталыұ мамандарымен кеңескені дұрыс.

Иә, SHUBAT құрамындағы дәрумендер, микроэлементтер және биологиялық белсенді заттардың арқасында зат алмасуды қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Бұл өнім пайдалы микрофлораның тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі және ағзадан токсиндерді шығаруға жағдай жасайды. SHUBAT-ты жүйелі қабылдау энергияны арттырып, жалпы әл-ауқатты жақсартады, бұл әсіресе зат алмасу процессі кезінде маңызды.

Иә, SHUBAT асқазан-ішек жолдарының мәселелерінде пайдалы болуы мүмкін. Оның құрамында ішек микрофлорасын қалпына келтіруге, ас қорытуды жақсартуға және қабыну процестерін азайтуға ықпал ететін табиғи пребиотиктер мен биологиялық белсенді заттар бар:
→ ішек микрофлорасын қалпына келтіреді,
→ ас қорыту процесін жақсартады,
→ қабынуды азайтады.

SHUBAT құрамында оңай сіңетін ақуыздар, аминқышқылдар, дәрумендер мен антиоксиданттар бар, олар жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Табиғи пептидтер мен микроэлементтер зат алмасуды жақсартып, қабынуды азайтуға және қан тамырларының тонусын сақтауға көмектеседі.Иммуноглобулиндер мен лизоцим иммунитетті күшейтеді, бұл ағзаның жалпы саулығы үшін маңызды. SHUBAT-ты тұрақты қабылдау жүрек пен қан тамырларының жұмысын қолдап, жалпы жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

SHUBAT қабылдау курсының ұзақтығы әр адамның денсаулық жағдайына байланысты біздің орталықтың мамандары арқылы жеке түрде тағайындалады.Егер адамның ас қорыту жүйесінде созылмалы аурулар, иммунитеттің әлсіреуі немесе буындармен байланысты мәселелері болса, өнімді бірнеше ай бойы қабылдау ұсынылады. Ал алдын алу және жалпы ағзаны нығайту мақсатында SHUBAT-ты күніне 3 рет 1–2 капсуладан — тамақ ішерден 15–20 минут бұрын немесе тамақтан кейін 1 сағаттан соң қабылдайды.

Иә, сублимация — бұл шубаттың құрамындағы барлық пайдалы заттарды, соның ішінде дәрумендер, минералдар мен пробиотиктерді барынша сақтауға мүмкіндік беретін кептіру технологиясы.Осы әдістің арқасында өнім өзінің табиғи пайдасын және биологиялық белсенділігін жоғалтпай сақтайды. Толығырақ ақпаратпен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз.

Өнімді сақтау шарттарына келсек, оны +5°C пен +25°C аралығындағы температурада, құрғақ әрі салқын жерде сақтау ұсынылады. Жарамдылық мерзімі — өндірілген күннен бастап 2 жыл.Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін өнімді қолдануға болмайды.

SHUBAT-ты қабылдауға негізгі қарсы көрсетілім құрамындағы компоненттерді жеке көтереалмаушылық. Түйе сүтінің құрамы сиыр сүтінен өзгеше — онда аллергенді ақуыздар аз әрі ағзаға жеңіл сіңеді.Сол себепті сиыр сүтін көтере алмайтын адамдар көбіне шубатты жеңіл қабылдайды.Алайда сүт өнімдеріне аллергиясы бар немесе ас қорыту жүйесінде қиындықтары бар адамдарға өнімді қабылдамас бұрын дәрігермен кеңескен жөн.

Зауыт Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылы, 434А жер учаскесінде орналасқан. Бұл – табиғи, санитарлық және технологиялық талаптарға толық сай келетін заманауи өндірістік кешен.Кәсіпорында 20 000 гектар жерге тиесілі жайылымдар бар, бұл жылқыларды ұстау және жоғары сапалы шикізат өндіру үшін мінсіз жағдай жасайды.

SHUBAT өнімін ресми saulyktyn-syry.kz сайтынан немесе төменде көрсетілген телефон нөмірі арқылы тапсырыс беруге болады.

Өндіріс технологиясы

Біздің өндірісіміз экологиялық таза өнімдерді пайдаланып, жоғары сапа стандарттарын қатаң сақтай отырып, заманауи технологияларға негізделген. Сублимациялық кептіру әдісі — сүттегі суды мұзға айналдырып, содан кейін оны буға айналдыру арқылы алып тастау процесі.

Бұл әдіс сүттің бастапқы құрылымы мен құндылықтарын бұзбайды. Өнімнен 70–90% су теріс температурада (мұз күйінде), қалғаны оң температурада алынады.

Зерттеулер көрсеткендей, сублимацияланған сүттің дәмі мен биологиялық қасиеттері шикі сүтке өте жақын. Осы әдіспен алынған кептірілген сүт — толыққанды ақуыздар, майлар, көмірсулар және микроэлементтерге бай, жоғары құндылықты концентрат болып табылады.