О продукте

«Мама Знает» – қамқорлық алғашқы сәттен!

«Мама Знает» – сәбилеріңіздің жайлы ас қорытуы мен денсаулығына арналған ешкі сүті. Бұл өнім организмнің қорғаныс функцияларын нығайтуға және ас қорыту жүйесін жақсартуға көмектеседі. Табиғи құрамы мен қоспалардың болмауы арқасында оңай сіңіріледі және жақсы төзімділікке ие.Пайдаға толы бұл сүт белгілі Заанен ешкілерінен алынған. Диеталық профилактикалық тамақтануға арналған арнайы өнім. Дәрі емес. ГМО-сыз. Қарсы көрсеткіштер: құрамындағы заттарға жеке төзбеушілік.Тұтыну мерзімі – шығарылған күннен бастап 2 жыл.Сақтау шарттары: құрғақ жерде, +25 °C аспайтын температурада және салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан аспайтын жерде сақтаңыз.Қазақстанда өндірілген. Махаббатпен жасалған!

Біз тұтынушылар жиі қоятын сұрақтарға жауап беруге тырысамыз

Сұрақ-Жауап

«Мама знает» — бұл қоспаларсыз,қантсыз және консерванттарсыз 100% таза сублимацияланған ешкі сүті.
Оның құрамында:
— оңай сіңірілетін ақуыздар (соның ішінде бета-казеин A2)
— табиғи сүт майлары
— дәрумендер: A, D, E, B2, B6, B12
— минералдар мен микроэлементтер: кальций, магний, фосфор, калий, темір, мырыш, селен — табиғи пребиотиктер (олигосахаридтер)
— аминқышқылдар мен антиоксиданттар бар.

Біздің ешкі сүтіміз — А2 санатына жататын, жұмсақтық пен қамқорлықтың табиғи көзі. Сиыр сүтінің A1 түрінен айырмашылығы, ол ерекше ақуызды қамтиды құрылымы бойынша ана сүтіне жақын. A2-казеиннің арқасында бұл сүт ағзаға жеңіл сіңеді: ас қорытуға қолайлы, іштің кебуін тудырмайды және ішек микрофлорасын жұмысын жақсартады. Сондықтан A2 ешкі сүті асқорыту жүйесінде мәселелері бар адамдарға, соның ішінде балалар мен ересектерге өте қолайлы.

Сублимацияланған ешкі сүтінің құрамындағы пребиотиктер мен пробиотиктер ішек микрофлорасының қызметін жақсартуға және иммундық жүйені нығайтуға ықпал етеді. Пребиотиктер пайдалы бактериялардың өсуін ынталандырады, ал пробиотиктер микробиологиялық балансты қалпына келтіруге көмектеседі. Бұл ас қорыту процесін жақсартады, нәжістің жұмсақ әрі тұрақты болуын қамтамасыз етеді, қабыну қаупін азайтады және қоректік заттардың жақсы сіңуіне септігін тигізеді.

Ешкі сүті құрамында табиғи олигосахаридтер бар, олар — тағам талшықтарының ерекше түрі. Бұл заттар ішек микрофлорасын жақсартып, пайдалы бактериялардың өсуін қолдайды.Осылайша, олар ас қорыту процесін жеңілдетеді, иммунитетті күшейтеді және ағзаны сыртқы зиянды әсерлерден қорғайды.

Ешкі сүті құрамында ана сүтіндегі нуклеотидтерге ұқсас табиғи нуклеотидтер бар. Нуклеотидтер — ДНҚ мен РНҚ-ның негізгі құрылыс блоктары, олар ақуыздар, майлар және көмірсулар синтезіне қатысады.Олар энергетикалық алмасуда маңызды рөл атқарады және ағзаның иммундық жүйесін нығайтуға ықпал етеді.

«Мама знает» сублимациялық ешкі сүті табиғи түрде сарысу ақуыздарын қамтиды — бұл бала өсуі мен дамуы үшін қажет аминқышқылдарының маңызды көзі. Бұл ақуыздар оңай сіңіріліп, ас қорыту және иммундық жүйенің жұмысын ретке келтіреді.

«Мама знает» өнімі – әлемдегі ең құнды ешкі тұқымдарының бірі саналатын Заанен ешкісінің сүтінен өндіріледі. Бұл сүт табиғи түрде жұмсақ, қышқылдығы төмен және нәзік кремді дәмімен ерекшеленеді. Біздің фермамызда жануарларға күтім көрсетудің қатаң стандарттары сақталады: ешкілерге арнайы гормондар мен антибиотиктер қолданылмайды және таза әрі жайлы жағдайда ұсталады. Мұндай тәсіл сүттің табиғи тазалығын, қоректік құндылығын және дәмін сақтап, оны ең сезімтал балалардың ағзалары үшін де оңай сіңімді етеді.

Иә, «Мама знает» ешкі сүтінің сублимациядан кейінгі тиімділігі мен сапасы Қазақстанда және шетелде жүргізілген физико-химиялық және зертханалық зерттеулер нәтижелерімен расталған. Талдаулар көрсеткендей, дәрумендер, аминқышқылдары, ферменттер және микроэлементтер дерлік толық көлемде сақталады. Сублимациялық кептіру технологиясының арқасында өнімқұндылығын сақтайды. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша ақпаратты төмендегі сілтемеден көре аласыздар.

Өнімді құрғақ, салқын жерде, +5°С-тан +25°С дейінгі температурада, тікелей күн сәулесінен алыс сақтау ұсынылады. Қаптаманы ашқаннан кейін өнімді 2 ай ішінде пайдаланып, тығыз жабық күйде сақтау қажет.

«Мама знает» өнімі – жаңа туған сәбилерден бастап, қарт адамдарға дейін кез-келген жастан бастап қолдануға болады. Оның құрамында ешқандай химиялық қоспалар, консерванттар жоқ, толықтай табиғи өнім болғандықтан, оны жаңа туған сәбилерге де беруге болады. Құрамы жеңіл сіңетін ақуыздарға, табиғи майларға, дәрумендер мен минералдарға және табиғи пребиотиктерге бай, тек сублимацияланған ешкі сүтінен тұрады.Өнім иммунитетті күшейтуге, ас қорытуды жақсартуға және жалпы денсаулықты нығайтуға көмектеседі.

Өндіріс технологиясы

Біздің өндірісіміз экологиялық таза өнімдерді пайдаланып, жоғары сапа стандарттарын қатаң сақтай отырып, заманауи технологияларға негізделген. Сублимациялық кептіру әдісі — сүттегі суды мұзға айналдырып, содан кейін оны буға айналдыру арқылы алып тастау процесі.
Бұл әдіс сүттің бастапқы құрылымы мен құндылықтарын бұзбайды. Өнімнен 70–90% су теріс температурада (мұз күйінде), қалғаны оң температурада алынады. Зерттеулер көрсеткендей, сублимацияланған сүттің дәмі мен биологиялық қасиеттері шикі сүтке өте жақын. Осы әдіспен алынған кептірілген сүт — толыққанды ақуыздар, майлар, көмірсулар және микроэлементтерге бай, жоғары құндылықты концентрат болып табылады.