Компания
«BB PARTNERS»

Компания

«BB Partners» компаниясы 2017 жылы құрылды. Компания осы уақытқа дейін отандық және шетелдік сатып алушылармен, әртүрлі тауарларды жеткізушілермен сенімді қарым-қатынас орнатты.

Компания мұздатып, қатыру (сублиматтау) әдісі арқылы кептірілген сүттен жасалған бірегей өнімдердің өндірушісі әрі жеткізушісі.

Зауыт Алматы облысында орналасқан. Капсула ірі қара малдың сіңірінен жасалған. Өнімдер неміс технологиясымен әлемдік халал стандартына сай жасалған.

Компанияның құрылтайшысы - Аманбаев Болат Бейсенғалиұлы.

Өндіріс технологиясы

Өндіріс заманауи технологияларға негізделген және экологиялық таза өнімдерді пайдаланады және жоғары сапа стандарттарына сәйкес келеді.

Сүтті мұздатып кептіру – өнімнің бастапқы құрылымын бұзбай, мұздату арқылы ылғалдығын жою. Өнімнен ылғалдың шамамен 70 - 90% өте төмен температурада алынады, ал қалған бөлігі, яғни табиғи ылғалдылығы оң температурада алынады. Мұздатып кептіру арқылы алынған сүттің тағамдық құндылығын бағалау органолептикалық және биологиялық қасиеттерінің бастапқы өнімнен ерекшеленбейтінін көрсетті. Сублимацияланған сүт ұнтағы - толық ақуыздардан, липидтерден, қанттардан, микроэлементтерден тұратын қоректік және емдік заттардың концентраты.

Біз әрқашан жаңа байланыстар үшін ашықпыз!