«BB PARTNERS» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
Аманбаев Болат Бейсенғалиұлы

 

СҮТ БИЗНЕСІ

Қазақстанда құрғақ сүт нарығы қалай дамуда

 

Бие мен түйе сүтінің шипалы қасиеттері қазақ халқына ежелден белгілі. Бұл өнім бүгінде де кеңінен танымал.Саумал – иммунитетті нығайтып, көптеген аурулардың алдын алуға қажетті пайдалы  дәрумендер мен минералдарға бай ерекше өнім. Қазіргі заманғы сублимация технологиялары  сүттен пайдалы элементтері ұзақ уақыт бойы сақталатын ұнтақ өндіруге мүмкіндік береді.Құрғақ саумал нарығындағы алғашқы өндірушілердің  бірі – BB Partners компаниясы.Компанияның негізін қалаушы Болат Аманбаев делдалсыз бизнес-модель туралы, қаржыландырудағы қиындықтар мен өндірісті кеңейту идеялары жайлы айтты.

 

— Болат, компания тарихы туралы айтып берсеңіз.

— BB Partners компаниясы нарықта жеті жылдан бері — 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұрын біз шетелде өндірілген дәрі-дәрмектерді тарату және биологиялық белсенді қоспаларды импорттаумен айналысатынбыз. Басында біз осылайша шетелдік бизнесті дамытып жатқанымызды түсіндік. Астанада құрғақ бие сүті  өндірілетінін естіген кезде, осындай зауыт ашып, тек құрғақ сүт қана емес, сондай-ақ құрғақ бие, түйе және ешкі сүтінен жасалған биологиялық белсенді қоспаларды да шығару идеясы пайда болды. Өндірісті ашу үшін жеке инвестициялар тартылды. Қазіргі кезде біздің өнім екі түрде шығарылады: ұнтақ темір банкаларға қапталады және капсула түрінде өндіріледі. Өндірістің барлық кезеңінде біздің қызметкерлер санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

 

— Қазақстанда кәсіпкерлікке арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламалары бар. Мемлекеттік қолдауды пайдалану туралы ойыңыз болды ма?

— Банк несиесін ала алмадық, өйткені сенімді кепілдіктеріміз болмады. Несие алу үшін келесі шарттардың біріне сәйкес болу қажет: кепілдік болуы немесе компанияның үлкен айналымы болуы тиіс. Бізде ешқайсысы да болмады. Сондықтан 250 миллион теңге жеке инвестиция тарттық. 600 литрлік екі сублимациялық құрғату аппаратын сатып алып күніне  бие сүтін құрғата бастадық. Өнімге сұраныс өте жоғары болып шықты, бұл бізге де күтпеген жағдай болды. Сонымен қатар, ешкі сүтінен арнайы тағам өндіруді бастап көрдік, нәтижесінде оның сұранысы да ұсыныстан асып түсті.

 

— Жоғары сұраныс сіздің компанияңыздың әрі қарай дамуына қалай әсер етті?

— 2023 жылы Алматы облысы, Қошмамбет ауылынан 10 гектар жер сатып алып, бизнесімізді кеңейтуге шешім қабылдадық. Бизнеске қайтадан жеке капитал салдық. Жобаның жалпы  сомасы 2,5 млрд теңгені құрады. Осы қаржыға жабдықтар сатып алдық және өндірісті 2024 жылдың қазан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осылайша біз өнім сапасы стандарттарынан таймай, бизнесті ауқымды етуді көздеп отырмыз.

 

— Сүтті сублимациялау техникасынан бөлек, басқа тағы қандай бағыттарды игеруді жоспарлап отырсыздар?

— Шын мәнінде, бизнестің даму перспективалары көп. Қазіргі кезеңде біз балаларға арналған құрғақ ешкі сүтін өндіруді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, халыққа және зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдарға бие, ешкі және түйе сүтінен алынған биологиялық белсенді қоспалар мен арнайы тағамдық өнімдерді шығару жұмысын  бастаймыз. Қазіргі таңда бізде бес өнім түрі бар, солар бойынша  даму жопсарлануда. Жақын арада  өндірістік қуатымыз тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеуге жетеді деп күтілуде. Келесі жылға компанияның айналымы шамамен 5 миллиард теңге болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, қызметкерлер санын 250-ден 500 адамға дейін арттыруды көздеп отырмыз.

 

— Балаларға арналған тағамдар мен биологиялық белсенді қоспалар үшін таза және сапалы шикізат қажет. Мұндай өнім беретін сенімді жеткізушілер бар ма?

— Біздің жеке шаруашылығымыз бар: 500 бас жылқы және 300 бас сүтті Заанен асыл тұқымды ешкілер өсіріп отырмыз. Биыл 1200 ешкіге арналған ферма салдық. Жоба аясында толық өндірістік циклді іске қосамыз: сауатынын сауамыз, сүтті құрғатып, дайын өнімді қаптап, орап,  тұтынушыға дейін жеткіземіз. Біздің бизнес-модельде делдалдар жоқ. Өніміміз тек онлайн сатылады,дүкен сөрелеріне қойылмайды. Бұл-контрафактіден қорғанудың және сапа кепілдігін сақтаудың бір жолы.

Бизнесті кеңейтуді біз енді құрғақ түйе сүтін өндіру арқылы жүзеге асырмақпыз. Қазір жалпы құны 20 миллион доллар болатын экспорттық келісімшартты әзірлеп жатырмыз. Қытайлық кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізудеміз. Олар инвестиция салуға және түйе сүтінен жасалған өнімімізді  100% көлемде сатып алуға дайын. 2025 жылы айына 50 тонна құрғақ түйе сүтін өндіретін зауыт салуды жоспарда тұр, өнімнің сатылуы толық қамтамасыз етілген.

 

— Қазақстан нарығын өз өнімдеріңізбен қамтамасыз етуді жоспарлайсыз ба?

— Бізде әзірге құрғақ сүт тұтыну мәдениеті қалыптаспаған, өйткені сүт елімізде арзан әрі қолжетімді: бүкіл нарықта литрінің орташа бағасы шамамен екі доллар. Ал Қытайда түйе сүтіне деген сұраныс өте жоғары. Олар тіпті сүтті сұйық күйінде сатып алғысы келеді, бірақ біз бұл ұсыныстан бас тарттық. Біздің мақсатымыз – өндірістің толық циклін іске қосу. Өндірістің  желі он кезеңнен тұрады: сүтті жинау, зертхана, пастерлеу, майсыздандыру, сүзу, құрғату, қаптау. Нәтижесінде алынған шикізаттың тек 10%-ы ғана құрғақ сүтке айналады. Бірақ оның құрамындағв барлық пайдалы қасиеттері сақталады.Бұл өте күрделі әрі қымбат технология болғандықтан оны кез келген өндіруші енгізе алмайды.

 Біз Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісімге келдік.Олар барлық қажетті зерттеулерден кейін  Neo Saumal өнімін арнайы диеталық,профилактикалық тағам ретінде, жалпы ағзаның жұмысын жақсартып және иммунитетті көтеру мақсатында пайлануға ұсынылды.Бұл әсіресе зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар үшін маңызды. Сонымен қатар,  біздің  өнім Қазақ тағамтану академиясымен мақұлданды. Қазір «Халал» сертификатын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алдағы уақытта  біз құрғақ түйе сүтін Қытайға экспорттау арқылы өндірісті ұлғайтуды, зауыт аумағын кеңейтуді және қызметкерлер санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біздің болашақ көрінісіміз – тұрақты өсу мен даму, бұл біздің өнімге ішкі және сыртқы нарықтардағы сұранысты қанағаттандырып қана қоймай, сондай-ақ агроөнеркәсіптік сектордың дамуына да айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді.